Мақалаға қойылатын талаптар

Мақалаға қойылатын талаптар

Пайдаланушы бағалауы: 3 / 5

Жұлдызша белсендіЖұлдызша белсендіЖұлдызша белсендіЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес
 

Көлемі 3-6 беттен тұратын мақалалар «KazTea" веб-парақшасында ISBN-мен онлайн түрде жарияланады. Мақала 3 түрлі форматта жазылуы тиіс: зерттеушілік, іс-тәжірибелік және түсініктеме беру. Сонымен қатар мақала кез келген 3 тілдің бірінде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылса болады.

Өтініш, мақалаңыз сіздің жеке зерттеуіңіз бен іс-тәжірибеңізді анықтап көрсетіп тұрғанына көз жеткізіңіз. Айқындық пен жүйелілік, бірегейлік, маңыздылық және зерттеу жұмысының толық сипаттамасы- мақаланың жинаққа ену туралы редакция алқасының шешіміне тікелей әсер ететінін естеріңізге саламыз. Барлық мақалалар түпнұсқалыққа тексеріледі.

Автор мақаланың мазмұнына, тыныс белгілеріне, стилистикалық және грамматикалық құрылымына жауапкершілікті толық мойнына алады.

Мақаланы рәсімдеудің ережелері:

  • Басылымның форматын анықтап алыңыз:

А) зерттеушілік жұмыс

Ә) оқыту іс-тәжірибесі

Б) түсініктеме

  • Анықталған форматтың нұсқаулығы бойынша талаптарды орындауды сұраймыз.
    • Зерттеушілік жұмыс:

Зерттеу жобасы конференция жұмысы аясында берілген тақырыптарға сәйкес келуі тиіс.

Мақала құрылымы:

а) Кіріспе

ә) Әдебиетке шолу

б) Әдістеме

в) Нәтижелер

г) Талқылаулар

ғ)  Тұжырымдар

д) Әдебиеттер тізімі

Максималды 3000 сөз

  • Оқыту іс-тәжірибесі

Оқыту іс-тәжірибесі оқыту процесінде кезіндегі іс-тәжірибелік зерттеу басымдығына ие болу керек, конференция жұмысы аясындағы тақырыпқа байланысты және ағылшын тілін оқыту немесе пәнді ағылшын тілінде оқыту мәселелерімен тығыз байланысты болуы шарт.

Мақала құрылымы:

а) әдебиетке шолу, мақалаға кіріктірілген барлық тұжырымдама қамтылуы тиіс.

ә) оқыту процесінде пайдаланылатын тәсілдемелер және әдістеменің бір бөлімінің толық сипаттамасы.

б) талдаулар

в) қорытынды ( әртүрлі мәнмәтін қолданылатын нақты тәжірибелік ұсынымдар болуы шарт.

г) әдебиеттер тізімі

Максималды 2500 сөз

  • Түсініктеме
  • Ағылшын тілін оқыту немесе пәнді ағылшын тілінде оқытудың ағымдағы мәселелері
  • тілдік саясат және оның аймақтағы әсері туралы талқылау
  • ұлттық және халықаралық саясаттың тілді оқытудың және үйретудің аймақтық немесе халықаралық деңгейдегі әсері туралы түсініктеме конференция тақырыбы аясында аймақтық ағымдағы сұрақтарды қамтуы қажет. Бұл түсініктемелер жан-жақты зерттелген және мақаланың негізгі жағдайын дәлелдейтін жұмыс сілтемесімен берілуі шарт. Сонымен қатар, түсініктемелер теңгерімделген есепке, Қазақстан республикасының ағымдағы мәселелерін талқылауға шоғырланған болуы тиіс.

Максималды 1500 сөз

Мақаланың құрылымы:

а) Мақаланың тақырыбы

ә) автордың толық аты-жөні

б) ұйым атауы, қала, ел

в) электронды пошта

г) мақала мәтіні

ғ) әдебиеттер тізімі

 

Қосымша тіркелген файлда ФОРМАТТАУ нұсқаулары мысалдармен қоса берілген: Жүктеп алу

Контактілер

Сапак Датка 2

Шымкент қ.

160017

Қазақстан Республикасы

  • dummy +7-777-370-80-58

  • dummy info@kaz-tea.kz

Бізге жазылыңыз

Электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз және ең өзекті ақпараттан хабардар болыңыз

Search