- Q Core Орталығын -

2024 жылдың 1 ақпанында шетел тілдері факультетінде «Шетел тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасының студенттерінн арналған тренинг бейресми оқыту шарттары бойынша өткізілді.

Тренингтің  модераторы, қонағы әрі спикері - Q Core орталығының бас директоры және негізін қалаушы В. Гарифов. Болашақ шетел тілі мұғалімдерінің кәсіби қызметтің маңызды факторы болып табылатын, мақсатқа жететін нақты қадамдар жасау процессі секілді студенттердің дағдыларын дамытуға, мақсат қою негіздерін ашуға арналған тренинг болды. Бейресми білім беру форматы -  білім беру қызметтерін және адамның біліктілігін арттыруға, жаңа технологияларды игеруге, жеке және кәсіби құзыреттіліктерді игеруге мүмкіндік беретін қажеттіліктерін іске асыруға жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Бұл қалыптасқан "түпкілікті білім беру" тұжырымдамасынан "өмір бойы үздіксіз білім беру" тұжырымдамасына көшу, білім алудың неғұрлым ыңғайлы, икемді, жекелендірілген бағыттарын қамтамасыз ету форматы. Тренинг тепе-теңдік дөңгелегін, Маслоу пирамидасын талдауға, қоғамдағы рөлді анықтауға, work-life balance-ті қарауға бағытталған және білім алушыларға оқыту тақырыбы бойынша сөйлеуге, проблемалық мәселелерді талқылауға, өз көзқарасын қорғауға, рефлексияға мүмкіндік берді. Бұл жаңа білімді бейресми түрде игеру үшін мүмкіндік тудырды.

Бұл тренинг шет тілдер факультетінде" формальды және бейресми жоғары білім берудің конвергенциясы жағдайында Кәсіби шет тілін оқытуды іске асырудың ғылыми-әдістемелік негіздері" тақырыбында гранттық қаржыландырудың ғылыми жобасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.

Контактілер

Сапак Датка 2

Шымкент қ.

160017

Қазақстан Республикасы

  • dummy +7-777-370-80-58

  • dummy info@kaz-tea.kz

Бізге жазылыңыз

Электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз және ең өзекті ақпараттан хабардар болыңыз

Search