Әдістемелік құрал C5+O.N.E. Ed 2026
Ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру аясындағы дайын сабақ және семинар жоспарлары — Орталық Азияның бес елінің (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан) ағылшын тілі ұстаздары әзірлеп, тәжірибеде қолданып, жетілдірген оқу-әдістемелік ресурстары. Бұл ресурстар коммерциялық емес ұйым World Learning пен Қазақстан Республикасы ағылшын тілі мұғалімдері қауымдастығы «KazTEA»-ның серіктестігімен жүзеге асырылған C5+ O.N.E. Ed жобасының нәтижесі болып табылады.
Онлайн әдістемелік құрал ағылшын тілінде еркін сөйлеу сенімділігін дамытуға, лексиканы контексте меңгертуге, шынайы және цифрлық медиа ресурстарды пайдалануға, сондай-ақ оқытуды қолдау және интерактивті сабақтар құру үшін жасанды интеллект құралдарын кіріктіруге бағытталған практикалық ресурстарды қамтиды. Мұнда мазмұнды қарым-қатынас пен оқушылардың белсенді қатысуын ынталандыратын пікірсайыстар, шынайы электрондық хаттар жазу, проблемаларды шешу тапсырмалары және жобалық жұмыстар сияқты қолдануға дайын тапсырмалар ұсынылған.
Әдістемелік құралдағы сабақ жоспарлары жалпы ағылшын тілін (General English) және арнайы мақсаттарға арналған ағылшын тілін (ESP) оқытуды қолдайды, сондай-ақ АҚШ-тағы және халықаралық деңгейдегі ағылшын тілін оқытудың үздік тәжірибелеріне сәйкес әзірленген. Сонымен қатар, Қазақстан мұғалімдері әзірлеген сабақ жоспарлары Қазақстан Республикасының оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары мен міндеттерін қамтиды.
Бұл әдістемелік құрал мұғалімдер өз сабақтарында немесе біліктілікті арттыру семинарларында бейімдеп, сенімді түрде пайдалана алатын сапалы әрі мақсатты түрде әзірленген ресурстар жинағы болып табылады.
Қосымша ақпарат алып, Әдістемелік құралды жүктеу үшін мына сілтемеге өтіңіз.



