«Қазақстандағы Ағылшын тілінің деңгейін көтеру арқылы медиа сауаттылықты арттыру».. Серіктестермен кездесулер

2023 жылдың қаңтарында Алматы, Қарағанды ​​және Атырау қалаларында жоба директоры Татьяна Летяикинамен бірқатар кездесулер өтті.

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде университет проректоры ф.ғ.к. Т.А. Көлгилдиновамен, – «Шетел тілін оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к., доцент Г.Б Жұмабековамен,  «Теория және мәдениетаралық коммуникация» кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к., доцент Н.С. Искаковамен, сонымен қатар осы кафедралардың оқытушылары М.В. Саванкова және Ж.А. Тутбаевамен нәтижелі пікірталас болды.  ЗТБ «KazTEA» ұйымдастырған жобалар мен іс-шараларды талқылай келе, Татьяна Летяикина фасилитаторлар мен жобаға қатысушылардың 16 қалада «Ағылшын тілінің деңгейін көтеру арқылы медиа сауаттылықты арттыру» жобасы аясында жинақтаған тәжірибесімен бөлісті.  Әңгімелесу барысында бүкіл қоғамдастықтың әлеуметтік желілерге көшуіне байланысты «Медиа сауаттылыққа арналған ағылшын тілі» онлайн курсы ресурстарының маңыздылығы мен өзектілігі айтылды. Қатысушылар тұрақты оқыту бағдарламасының бөлігі ретінде ағылшын тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курсын әзірлеуде, сондай-ақ ағылшын тілін оқытуға қатысты түрлі курстардың оқу жоспарында онлайн медиасауаттылық курсының ресурстарын пайдалану қажеттігі туралы келісті. Жобаға қатысушылармен Атыраудағы кезекті кездесу фасилитативтік сессиялар жүргізілген Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында өтті. Жобаға қатысушылар графикалық белгілердің мағынасы немесе оқырмандардың назарын аудару үшін сөздерді таңдау, мәтіндегі немесе түсініктемедегі сөздердің жанама немесе коннотативтік мағынасы сияқты алған дағдылары мен білімдерімен бөлісті. Сондай-ақ жобаға қатысушылар өз сабақтарында интерактивті тапсырмалар мен веб-қосымшаларды үйреніп, қолдана бастады. Медиасауаттылық бойынша қосымша тапсырмалар байқауында «Оңай сөйле» клубы аясында үшінші дәрежелі орынға ие болған Күмісай Хасанова өзінің «Насихат» тақырыбындағы сабақ жоспарымен бөлісті. Ал мектеп директоры Бижанов Ерәліге жоба атынан  «Open your Mind via Media Literacy at OPENNetworkиKaxTEA».деген жазуы бар жұмыс үстелінің ұйымдастырушысы сыйға берілді. Қарағандыда жобаның тұсаукесері «Болашақ» академиясында өтті. Спикерлер – Татьяна Летяикина, Анна Калужанова, Татьяна Шелестова және Жансая Будикова тіл үйренуге арналған АКТ және веб-қосымшалар, онлайн-форумдар, коммуникациялық дағдылар мен жоғары ретті ойлауды дамытуға арналған подкасттарға қатысты мәселелерді талқылады. Т.Летяикина тіл үйренуге (Quizlet, VisuWord, WordHunter, AnswerGarden), сондай-ақ тақырыптар бойынша (Forum, Facebookgroup, Padlet) жаңа контентті талдау және құру үшін фасилитаторлар мен қатысушылардың ең көп қолданатын веб-қосымшаларын көрсетті. Семинар барысында Жансая Coursera платформасының форумында топтық талқылауды жеңілдетудегі фасилитаторлардың рөлін, сондай-ақ қатысушыларды талқылауды жалғастыруға ынталандыру әдістерін көрсетті. Қаңтар айында өткізілген кездесулер өте нәтижелі болды және АҚШ-тың Пенсильвания университетімен әзірленген «Ағылшын тілінің деңгейін көтеру арқылы медиа сауаттылықты арттыру» жобасының және де «Медиа сауаттылыққа арналған ағылшын тілі» MOOC (ЖАОК-жаппай ашық онлайн курс) бағдарламасының тартымды болуына ықпал етті.

Алматы ГЦИТО 1

Январь23 Алматы 1

Январь23 Атырау НИШ 2

Январь23 Караганда 1

Январь23 Караганда 2

Январь23 Караганда 3

Январь 23 Алматы 2

Январь 23 Атырау НИШ 1

Контактілер

Сапак Датка 2

Шымкент қ.

160017

Қазақстан Республикасы

  • dummy +7-777-370-80-58

  • dummy info@kaz-tea.kz

Бізге жазылыңыз

Электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз және ең өзекті ақпараттан хабардар болыңыз

Search