2024 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы ағылшын тілі
мұғалімдері мен оқытушыларының қауымдастығы «KazTEA» заңды тұлғалар бірлестігі Британдық Кеңеспен бірлескен серіктестікте Британдық Кеңестің ресурстары негізінде ағылшын тілі оқытушыларының кәсіби дағдыларын арттыруға бағытталған Бағдарламаны іске қосты.
Қазақстанның 9 өңірінен ағылшын тілінің 240 оқытушысы бағдарламаға қосылып, 5 компоненттен тұратын "Пәнді білу" тақырыбы бойынша қашықтықтан оқуды бастады.
Бағдарламаға қатысушылар екі ай бойы "Тілдік жүйелерді түсіну"/ “Understanding Language Systems” онлайн курсынан өтеді. Олардың онлайн білім алуы Жарқайың (Ақмола облысы), Шиелі (Қызылорда облысы), Қызылжар (Солтүстік Қазақстан облысы), Бородулиха (Абай ауданы), Сарань қаласы (Қарағанды облысы), Жаңаарқа (Ұлытау облысы), Түркістан қаласы сияқты 9 аудандық көшпелі семинарлар кезінде ағылшын тілі мұғалімдері қауымдастығының фасилитаторларымен сүйемелденеді. Фасилитаторлар курстың техникалық мәселелері мен мазмұны бойынша қолдау жасайды. Семинарлар мен Zoom платформасында өткізілетін онлайн-сессиялар кезінде олар функционалды тілді оқыту және грамматикалық формаларды үйрену бойынша пікірталастар ұйымдастырады және әртүрлі интерактивті тапсырмаларды орындайды.
Сонымен қатар, 240 ағылшын тілі мұғалімдері вебинарларға қатысу және тілді оқытудың әртүрлі мәселелерін талқылау үшін “Facebook Teaching English” тобының парақшасына тіркелді.
Біз оқытушыларымызды оқытуды қолдайтын және “ChatGPT” көмегімен функционалды тілді оқыту бойынша кеңестерімен бөліскен тіл маманы Линда Руасқа алғысымызды білдіреміз. Линда өзінің вебинарында диалогтарда функционалды тілді дамытуға арналған анықтамалық карталарға нұсқаулық жазу бойынша кеңестерімен бөлісті.
Бағдарлама "KazTEA" форумында талқыланатын осы тақырып бойынша қосымша ресурстарды оқуды қамтиды. Шығармашылықпен және грамматиканы оқытумен байланысты тақырыптарды талқылауға осы жерде қосылуға болады.
2024 жылдың желтоқсанында басталатын "Кәсіби даму жауапкершілігін өз мойнына алу" / "Taking Responsibility for Professional Development" және "Ағылшын тілі сыныбындағы зерттеулерге уақыт бөлу" “Making time for research in the English classroom”онлайн курсы тақырыбы аясында кәсіби дағдыларыңызды жетілдіргіңіз келсе, бағдарламаға осы жерде қосыла аласыз.