Джоде Брекса, Санта-Фе, Нью-Мексико,
АҚШ-тың білім беру маманы, Өзбекстанда, Тәжікстанда, Моңғолияда, Үндістанда, Оңтүстік Африкада және АҚШ-та оқу бағдарламалары мен мұғалімдердің біліктілігін арттыруда қырық жылдан астам тәжірибесі бар, марапатқа ие болған педагог және жаттықтырушы. Соңғы он жылда Джоде әйелдер мен жасөспірімдерге өздерін ашуға, автор болуға және жеке басын растауға көмектесу үшін цифрлық әңгімелер арқылы грант негізінде жобаларды жүзеге асырды.
Ол «Білім, жаңа технологиялар және қауіпсіздік серіктестігі құрастырымдары, үлгілері жаңа тәжірибелері» (IGI Global, 2011) әдістемелік құралында цифрлық әңгімелер туралы бөлім жариялады және оның Оңтүстік Африкадағы Еркін Мемлекет университетіндегі Фулбрайт жобасы, бірлесіп жазылған мақаласында көрсетілген, «Гендерлік әлеуметтендіру бойынша әңгімелер туралы: цифрлық әңгімелер қыздар мен әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтудің белсенді әдісі ретінде», Оңтүстік Африканың ең мықты деген феминистік журналы Agenda-да жарияланған.
Ол 2020 жылы «Зорлық – зомбылыққа үйрететін ұстаздар» (DIO Press) журналында өзін-өзі өзгертудің дәлелі ретінде цифрлық әңгімелерге арналған тарауды жариялады. 2024 жылы Қазақстандағы English Access микростипендия бағдарламасының мұғалімдері мен студенттері үшін цифрлық әңгімелер бойынша семинарлар өткізу үшін STORYCORD жобасын іске қосты.