Effective teaching methods are the keys to success

2-сәуір 2022 жылы «Орда» мектебінде Қызылорда облыстық ағылшын тілі мұғалімдері Ассоциациясының  /ТЕК  «Effective teaching methods are the keys to success»

тақырыбындағы кезекті семинары өтті. Семинарға Қазақстан ұлттық ағылшын тілі мұғалімдері Ассоциациясының президенті Татьяна Адыгамовна Летяйкина, Жаңақорған ауданынан №3 мектеп-интернаттың ағылшын тілі мұғалімі Абибуллаева Жазира, М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжінің ағылшын тілі пәні оқытушылары, қала мектептерінің ағылшын тілі мұғалімдері қатысты.

Семинарда Қызылорда облыстық ағылшын тілі мұғалімдері Ассоциациясының президенті Кеншінбай Темірболат Ыбырайұлы «TESOL 2022 Convention Program Overview» тақырыбында презентация жасады. Спикерлер: №2 Абай атындағы мамандандырылған сыныбы бар орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Ким Наталья Моисеевна, №2 Абай атындағы мамандандырылған сыныбы бар орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Әуезова Айгүл Абылайқызы, «Орда» мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Елеусизова Фариза Бектасовна, «Орда» мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Мыңбаева Марта Өмірзаққызы ағылшын тілін оқытудағы, сабақта қолданып жүрген тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Семинарға келген мұғалімдер семинар соңында өз пікірлерімен бөлісіп, тәжірибе алмасып, үйренері мол осындай семинарлар жиі болып тұрса деген ұсыныстарын білдірді. Қазақстан ұлттық ағылшын тілі мұғалімдері Ассоциациясының президенті Татьяна Адыгамовна Летяйкина семинардың өтілуі, спикерлер презентацияларына қатысты тұжырымды ой қозғады. Семинарды Қызылорда облыстық ағылшын тілі мұғалімдері Ассоциациясының Вице-президенті Фазылова Ләззат Дүрахметқызы қорытындылады.

Контактілер

Сапак Датка 2

Шымкент қ.

160017

Қазақстан Республикасы

  • dummy +7-777-370-80-58

  • dummy info@kaz-tea.kz

Бізге жазылыңыз

Электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз және ең өзекті ақпараттан хабардар болыңыз

Search