2022 жылдың қаңтар мен ақпан айлары аралығында «Медиа сауаттылықты ағылшын тілінің деңгейін көтеру арқылы арттыру» жобасы Қазақстанның 4 қаласында, атап айтқанда Тараз, Түркістан, Қызылорда және Шымкентте іске қосылып, фасилитаторлармен алғашқы сессиялар өткізілді.
1-кезеңде (қаңтар-ақпан) Қызылорда, Тараз, Түркістан және Шымкент қалаларында 90-ға жуық ағылшын тілі мұғалімдері English Score (British Council) тестінен және фасилитаторлар: Молдир Есембаева, Айнура Нуржанова, Салтанат Кулаева және Нурия Назиповамен сұхбаттан өтті.
Жоба Орталық Азиядағы Ағылшын тілі бағдарламаларының аймақтық кеңсенің директоры Джон Сильвер мен Алматы қаласындағы АҚШ-тың Бас консулы Кэролайн Сэвиджбен кездесуден бастау алды. Жоба медиасауаттылыққа қатысты болғандықтан, Factcheck.kz, Алматы қаласы бас редакторы Павел Банников фактчекинг ресурстарына толығырақ тоқталды. Қатысушыларды сондай-ақ Ольга Свириденко, ФИРПО директоры және ЖАО сарапшылары Ольга Самофалова (Шымкент) және Лариса Петрова (Алматы) қарсы алды. Жоба барысында қатысушылар LMS «Coursera» алаңыңда «Медиа сауаттылыққа арналған ағылшын тілі» MOOCкурсына тіркелді және Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (Қызылорда), М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті (Тараз), Ә.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (Түркістан) және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті (Шымкент) базаларыңда фасилитаторлар өткізген 2-3 фасилитативтік сессияға белсенді қатысты. Фасилитаторлармен өткізілген сессияларда қатысушылар Coursera форумында проблемалық мәселелерді талқылау үшін тіл бірліктерін жаттықтыруға арналған (https://www.english-corpora.org/coca/), еркін жазу дағдыларын polleverywhere.com, https://padlet.com/ веб-қосымшаларында жұмыс жасап көрді.
Қатысушылардың медиа сауаттылық саласындағы құзыреттері туралы хабардарлығын арттыру үшін FIPRO атынан «Медиа сауаттылық» тақырыбындағы тренингті тренер Данара Саранова ұйымдастырды. Тренинг барысында Данара Саранова қатысушыларға жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарынан әр түрлi бейтарап ақпаратты көрсетудің жарқын мысалдарын көрсетті.
Жоба аясында оқытушылар сонымен қатар Facebook-те American English for Educators парақшасы ұйымдастырған вебинарларға қатысады. Осы маусымда олар цифрлық оқу дағдыларын жетілдіру тәсілдерін үйретуде.
Фасилитаторлармен сессиялар жалғасуда және жаңа тақырыптар талқыланады. Барлық өткізілген іс-шаралар қатысушылардан оң пікірлер алуда, мұны Facebook-те MOOC Facilitators Kazakhstan тобындағы пікірлерден көруге болады.